Республики Казахстан
Горячая линия
+7 (727) 347 06 08
+7 (771) 947 06 08
Атырау облысы ТЖД бастығының аудандарға жұмыс сапары
9-11 тамыз аралығында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Битаев Сәбит Кенжеханұлы "ӨСжАҚЖҚ" ММ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі М.Есполовпен бірлесіп Мақат, Қызылқоға, Жылыой, Құрманғазы және Исатай аудандарына жұмыс сапарымен барды.
Сапардың басты мақсаты - аудан аумағының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бейімділігімен, сондай-ақ жеке құраммен танысу, жеке құрамға сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу туралы жеткізу, қызметтік-әскери тәртіпті сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Жұмыс сапары барысында С.Битаев аудандардың өрт сөндіру бөлімдерінің өрт-техникалық жабдықталуымен, ғимараттардың ағымдағы жағдайымен және төтенше жағдайлар бөлімдерінің тұрмыстық жағдайларымен танысты. Гарнизондардағы қызметтік-әскери тәртіп пен тәрбие жұмысының жай-күйін тексерді. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастықтарына тәрбие жұмысын күшейту және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бағытында тапсырмалар берілді. "Қазавиақұтқару"АҚ ЕС-145 "Eurocopter" тікұшағымен Құрманғазы ауданындағы Каспий теңізінің жағалауы бойындағы қамысты аумаққа әуеден барлау жүзеге асырылды. Сондай-ақ аудан әкімдерімен кездесу ұйымдастырылып, ағымдағы жылдың өрт қауіпті және суға шомылу маусымдарындағы өңірдің проблемалық мәселелері талқыланды. Қызылқоға ауданының әкімімен кездесу барысында инженерлік-инспекторлық құрамның тұрғын үй-тұрмыстық жағдайы қаралды. Әкімнің шешімімен Қызылқоға ауданының ТЖБ қызметкерлеріне қызметтік пәтер бөлінді.
Сонымен қатар С.Битаев пен М. Есполов Исатай ауданы Аққыстау ауылындағы жаңа өрт сөндіру бөлімінің құрылыс барысын тексерді. Департамент басшылығы жұмысты жақсарту, атап айтқанда табиғи және техногендік сипаттағы түрлі төтенше жағдайлардың алдын алу және санын азайту мақсатында нақты тапсырмалар берді.
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы