Республики Казахстан
Горячая линия
+7 (727) 347 06 08
+7 (771) 947 06 08
Қазақстан Республикасы министрінің бұйрығымен марапатталды
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше Жағдайлар департаментінің Дағдарыс орталығында Департамент басшысы Ерлан Нұрпейісов шұғыл жағдайда көрсеткен көмегі үшін Айдос Мусин мен Нұрлыбек Ешеновке Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің атынан алғыс хат табыстады.
Маусым айында олар Сібе көлдерінде демалып жатқан кезде, 1977 жылы туған зардап шегушіге көмек қажет болып, жас жігіттер жәбірленушінің жағдайын кәсіби түрде анықтап, реанимациялық әрекеттер жүргізіп, ер адамды өмірге қайтарды. Айдос пен Нұрлыбек жедел жәрдемде фельдшер болып жұмыс жасағандықтан, тез арада көмек көрсету олар үшін қиынға соқпады. "Жұмыс барысында әр түрлі жағдайлар болады. Адам өмірін құтқару кезінде көптеген қиындықтар да кездеседі. Алайда өзіміз демалып жатқанда мұндай жағдай бірінші рет орын алып отыр. Адам өмірін ажалдан арашалап алу біз үшін үлкен мәртебе", - деп Айдос пен Нұрлыбек өз ойларымен бөлісті.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі