egov
eltanba Генеральная прокуратура
Республики Казахстан
insta insta insta

Поздравление Министра по чрезвычайным ситуациям генерал-майора Чингиса Аринова с Днем защитника Отечества и Днем Победы

Поздравление Министра по чрезвычайным ситуациям генерал-майора Чингиса Аринова с Днем защитника Отечества и Днем Победы

Құрметті әріптестер және қадірменді ардагерлер!

 

Сіздерді ерлік пен батылдықтың символы - Отан қорғаушылар және Жеңіс күні мейрамдарымен шын жүректен құттықтаймын.

Осы қос мейрамды азаматтарымыздың еліне, жеріне деген адалдық пен махаббатты өз мүддесінен жоғары қойып, Отанға деген сүйіспеншілігін дәлелдедейтін мейрамдар деп айтар едім.

Отанын қорғау әр адамзат баласының перзенттік парызы деп білемін.

Төтенше жағдайлар кезінде мемлекетіміз бен халқымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы Сіздердің ерен еңбектеріңіз бен қосатын үлестеріңіз зор.

Елімізде орын алған су тасқыны кезінде ауызбіршілік танытып, бір жұдырық болып жұмылып, атқарған қызметтеріңізге ризашылығымды білдіремін.

Ұлы Жеңісті - Отанға деген құрмет пен шексіз сүйіспеншіліктің дәлелі деп атауға болады. Отан үшін от кешкен майдангерлеріміздің ерлігі ұрпақтарына өшпес мұра және үлгі. Осы қасиетті күні батылдық пен еліне деген жанқиярлық көрсеткен қаһармандардың рухы алдында бас иіп, тағзым етеміз.

Өкінішке орай жылдар өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Сондықтан Ұлы Жеңістің авторлары – майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты борышымыз!

Чем больше проходит времени, тем больше осознание значимости Великой Победы. Она предопределила жизнь всего человечества на сотни лет вперед, и мы обязаны сохранить эту победу для потомков. 

На примере героев Великой Отечественной войны должна расти наша молодежь. И потому связь времен так бесценна для нас.

Наша с вами общая задача – каждый день содействовать сохранению мира для нашего народа, чтобы трагические события тех лет никогда не повторялись.

В этой связи, возрастает значимость и необходимость празднования Дня защитника Отечества.

Сегодняшнее поколение подражает героизму и самоотверженности, проявленным старшими поколениями-ветеранами. Мы и должны воспитывать молодежь в духе патриотизма, самоотверженности и любви к Родине.

Символично, что праздники 7 и 9 мая отмечаются с разницей всего в один день, отражая преемственность поколений защитников Отечества.

Знаю и уверен, что личный состав нашего Министерства будет и впредь отдавать все свои силы, знания и умения для решения поставленных задач, всегда будет образцом в выполнении воинского и служебного долга, умножая боевые традиции воинов-казахстанцев старших поколений!

Благодаря Вашей самоотдаче и преданности служебному и воинскому долгу, наша страна находится под постоянной защитой и в безопасности.

Осынау айтулы мейрамдар қарсаңында Сіздерді тағы да мерекелеріңізбен құттықтап, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еліміздің ертеңі үшін атқаратын қызметтеріңізге сәттілік пен толағай табыстар тілеймін.

Аспанымыз әрқашанда ашық болып, еліміздің тыныштығы бұзылмасын. Жеңісті күндеріміз көп болсын!