Республики Казахстан
Горячая линия
+7 (727) 347 06 08
+7 (771) 947 06 08
Таразцы проводят ежедневные рейды по безопасности на воде
Тараз қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері өрт сөндірушілер және құтқарушылармен, полиция қызметкерлерімен, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлармен және еріктілермен бірлесіп судағы қауіпсіздік бойынша күнделікті рейдтер жүргізуде.
Мәселен, адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында және Жамбыл облысы мен Тараз қаласының тұрғындарына су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін жеткізу мақсатында кезекті рейдтік іс-шараға екі жергілікті Jambyl және 77TV телеарналарының журналистері қатысты. Олар қызықты сюжеттер түсіріп, сұхбат алып, қауіпсіздік ережелері туралы сөз қозғауда.
Таразда аталған іс-шаралар шомылуға тыйым салынған орындар бойынша, атап айтқанда «Талас» өзені, «Камукат», «Шөлдала» массивтері, «Автобекет» айналма арнасы, «Қант зауыты» және «Тектұрмас» аудандарында өткізілуде.
Адамдардың қаза болуының негізгі себептері - балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру, жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде шомылу, мас күйінде суға түсу, сондай-ақ өзінің күшін асыра бағалау болып табылады.
Рейдтік іс-шаралар барысында ТЖ басқармасының қызметкерлері шомылуға тыйым салынған орындар туралы, ересектердің өз баласының өмірі үшін жауапкершілігі жөнніде, спирттік ішімдіктерді ішуге тыйым салу туралы ақпараттар беруде. Балаларын қараусыз қалдырған ата-аналармен айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік туралы әңгіме жүргізеді.
Жаз мезгілінде суда қаза болудың алдын алуға бағытталған іс-шаралар шомылу маусымының соңына дейін жалғасады.
Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы