egov
eltanba Генеральная прокуратура
Республики Казахстан
insta insta insta

В Кызылординской области будет проводиться республиканское командно- штабное учение «Зымыран-2023»

Қызылорда облысының аумағында 2023 жылғы 2-3 қараша күндері республикалық азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі өкілдерінің қатысуымен «Зымыран-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.

Оқу-жаттығудың практикалық кезеңі Қармақшы ауданының Диірментөбе елдімекенінде ұйымдастырылады.

Оқу-жаттығудың тақырыбы: «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыран тасығыштарды ұшыру кезінде ықтимал авариялар, төтенше жағдайлар туындаған кездегі  іс-қимылдарға  азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарының, күш-құралдарының әзірлігін пысықтау».

Оқу-жаттығу кезінде дүрбелең тудырмай, сабырлылық сақтауға шақырамыз.

 

Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі