Республики Казахстан
Горячая линия
+7 (727) 347 06 08
+7 (771) 947 06 08
Жетісу облысында судан 22 адам құтқарылды
Шомылу маусымы басталғаннан бері Жетісу облысының құтқарушылары 22 адамды құтқарды. Құтқару қызметі демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ықтимал оқиғалардың алдын алу үшін су айдындарының жағалау сызықтарын күнделікті күзетеді.
Патрульдеу кезінде құтқарушылар халыққа су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін еске салады. Атап айтқанда, жабдықталмаған жерлерде және мас күйінде шомылуға, сондай-ақ балаларды су қоймаларында ересектердің қарауынсыз қалдыруға тыйым салуға ерекше назар аударылады.
Құтқарушылар жоғарыда аталған барлық ережелерді бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 412-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгенін атап көрсетеді. Ағымдағы жылдың маусым айының басынан бастап су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 30 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жетісу облысының барлық тұрғындары мен қонақтарын судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға және өз денсаулығы мен басқалардың өміріне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі